Құрлықтық кубоктің жартылай финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта «Торпедо» даниялық «Хернинг Блю Фокс» ұжымымен кездесті.
Ойындағы шешуші сәт екінші кезеңге тура келді: есеп 2:2 болып тұрған кезде қазақстандықтар Максим Мусоров пен Никита Колобовтың күшімен екі мәрте басымдықты тиімді пайдаланды. Жалпы алғанда, шартты түрде қонақ саналған команда өз мүмкіндіктерін ұқыпты жүзеге асырды. Ал даниялықтар қарсылас қақпасына 43 соққы бағыттап, олардың 41-іне Владислав Пестов тосқауыл қойды. Нәтижесінде Колобов дубль авторы атанса, Михаил Рахманов, Дмитрий Гренц және Илья Кляузов бір-бір шайбадан соқты.
Осы жеңістің арқасында Андрей Корабейниковтің шәкірттері жартылай финалдық кезеңнің В тобында көш бастады. Ертең «Торпедо» француздың «Анже» командасымен ойнайды.
«Хернинг Блю Фокс» - «Торпедо» 2:6 (1:1, 1:3, 0:2)
0:1 – 03:03 – Рахманов (Мусоров)
1:1 – 07:29 – Бау (Амороза, Поульсен)
2:1 – 22:26 – Цибульскис (Максимович)
2:2 – 28:54 – Колобов (Яковлев, Александров)
2:3 – 29:25 – Мусоров (Боровиков, Гренц) ГБ
2:4 – 37:39 – Колобов (Рунов, Алдабергенов) ГБ
2:5 – 52:00 – Гренц (Алдабергенов, Боровиков)
2:6 – 55:34 – Кляузов (Рифель)
Қақпашылар: Фесерс – Пестов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager