2025–26 жылғы Pro Ligasy тұрақты чемпионатының екінші кезеңінің кестесі белгілі болды.
Оның басталуы 6 қаңтарға жоспарланған. Дәл сол күні «Сарыарқа» – «Ертіс», «Торпедо» – «Бейбарыс» және «Арлан» – «Горняк» кездесулері өтеді. Келесі күні «Номад» пен «Ақтөбе» ойынды бастайды, ал «Құлагер» мен «Алматы» өз өнерін тиісінше 11 және 15 қаңтарда көрсетеді.
Тұрақты чемпионаттың соңғы кездесулері 19 ақпанға жоспарланған. ¼ финал раунды 23 ақпанда басталады.
Екінші кезең матчтарының толық кестесімен сайтымыздың сәйкес бөлімінде танысуға болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager