Pro Ligasy-ның төртінші жарыс айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Даниил Кадочников («Сарыарқа»)
Карағандылық ұжымның тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін күресуіне қақпашының тамаша ойыны үлкен әсерін тигізіп отыр. Желтоқсан айында Кадочников өзі қатысқан алты матчтың бәрінде жеңіске жетті (мұз айдынында 361 минуттан астам уақыт өткізді), орта есеппен бір ойынға бір шайбадан ғана жіберді. Екі кездесуде Даниил қарсыластарын қақпасына жуытпады, ал тойтарылған соққылар пайызы 96,77 болды.

Үздік қорғаушы – Арсений Борисов («Арлан»)
Борисов осы айда өзінің тікелей міндеттерін атқарып қана қоймай, шабуылда да серіктестеріне жиі көмек көрсетті. Жеті кездесуде ол 9 (1+8) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткіші +5 болды, сондай-ақ қарсылас қақпасына 20 дәл соққы жасады.

Үздік шабуылшы – Дмитрий Гренц («Торпедо»)
Желтоқсан айында Гренц 8 матчтың 6-ауында ұпай жинады. Ол әдеттегідей соққыларды жоғары дәрежеде жүзеге асырып (16,13) өз қоржынына 5 гол 8 нәтижелі пас қосты. Пайдалылық көрсеткіші +11 болды. Қазіргі сәтте Дмитрий бүкіл чемпионаттың үздік сұрмергендері үштігін түйіндеп тұр.

Үздік жас ойыншы – Артур Глухих («Торпедо»)
18 жастағы шабуылшы Өскеменнің негізгі командасында көбірек ойын уақытына ие болып, өнімділігі барған сайын артуда. Желтоқсан айында Артур Pro Ligasy аясында бес матчқа қатысып, өз еншісіне 5 (2+3) ұпай жазды, пайдалылық көрсеткіші +3 болды. Сонымен қатар Глухих қарсылас қақпасына 12 дәл соққы жасап, іске асыру пайызы 16,67%-ды құрады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager