Pro Ligasy-ның төртінші жарыс айын қорытындылайық.
2025 жылдың соңғы ойын күнінде «Номад» түзде «Ертісті» жеңіп, турнир кестесінің шыңына қайта оралды. Астаналық команданың еншісінде 28 жеңіс пен 58 ұпай бар. Көшбасшылар қатарында одан кейін «Сарыарқа» (57 ұпай) мен «Торпедо» (56 ұпай) орналасқан. Дәл осы үш команда турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарынжеткізбей, плей-оффқа ресми түрде жолдама алды.

«Торпедо» – тұрақты чемпионаттың бірінші бөлігіндегі ең нәтижелі команда және сонымен қатар қорғаныстағы ең сенімді ұжым. Өскемендік команда қарсыластардың қақпасын153 рет алып (ойын сайын орта есеппен 4,25 гол) және небәрі 62 шайба жіберді (ойын сайын орта есеппен 1,72).
Осы айдағы ең ірі жеңіске «Арлан» қол жеткізді: 10 желтоқсанда Павлодарда «Ертісті» 10:1 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, 1 желтоқсанда өткен «Ақтөбе» мен «Бейбарыс» арасындағы кездесуде ақтөбелік жанкүйерлер 11 гол тамашалады. Бұл екі ойын өткен кезеңнің ең нәтижелі кездесулері болып саналады.
Қазіргі тұрақты чемпионаттағы ең үздік сұрмерген мен бомбардир – Валерий Гурин. «Горняк» шабуылшысы 24 шайба салып, командаластарына 33 рет нәтижелі пас берген.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager