Торпедо Ертісті тағы да ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға шықты, Горняк өз алаңында жеңіске жетті, ал Қарағандыда матч буллиттер сериясында шешілді

23 jeltoqsan
390

Сейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч өткізу жоспарланған.

«Ертіс» өскемендіктерге тағы да ештеңе қарсы қоя алмады. Бүгін павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз сегіз шайба соғылды. Эрик Алдабергенов дубль авторы атанса, қонақтар сапындағы Александр Панченко төрт голдық шабуылға қатысып, 1+3 көрсеткішін тіркеді. Давид Зиновьев қатарынан екінші матчта «құрғақ» ойнап, 24 сейв жасады. Павлодарға сәтті сапардың арқасында «Торпедо» турнир кестесінде уақытша бірінші орынға көтерілді.

«Ертіс» - «Торпедо» 0:8 (0:3, 0:5, 0:0)

0:1 - 03:55 - Яковлев (Колобов)

0:2 - 13:10 - Гренц (Панченко, Алдабергенов)

0:3 - 19:46 - Панченко (Сағымбаев, Гренц)

0:4 - 24:08 - Алдабергенов (Панченко)

0:5 - 26:40 - Боровиков (Мусоров, Кляузов)

0:6 - 32:08 - Колобов (Боровков, Яковлев)

0:7 - 37:13 - Каиров (Рифель, Рыжий)

0:8 - 39:46 - Алдабергенов (Панченко) ГМ

Қақпашылар: Нечвиенко (Челайдюк, 32:08-60:00) - Зиновьев

«Горняк» пен «Ақтөбенің» екінші кездесуі бұл жолы басқа сценариймен өтті. Бүгін «Горняк» жеңіс үшін қажет есепті сақтап қалып, ауыр реваншқа қол жеткізді. Рудный командасының жеңіс шайбасын Александр Катков соқты. Оскар Юлбарисов командаластарына екі рет нәтижелі пас берді.

«Горняк» - «Ақтөбе» 3:1 (0:0, 1:0, 2:1)

1:0 - 37:51 - Степанов (Юлбарисов)

2:0 - 42:32 - Катков (Гурин, Юлбарисов) ГБ

2:1 - 52:47 - Курсакбаев (Козорез, Сапарбек)

3:1 - 55:21 - Ляпунов (Пархоменко)

Қақпашылар: Нурек - Ершов

«Сарыарқа» «Бейбарыспен» болған матчта 52-минутқа қарай 4:2 есебімен алда тұрғанымен, кейін өз басымдығынан айырылып, нәтижесінде буллиттер сериясында жеңіліс тапты. Шешуші соққыны Владимир Корчагин орындады, ал Юсуп Асуханов дубль авторы атанды. Қонақтар қақпашысы Артём Микушин керемет ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 52 соққыны қайтарды.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 4:5 Б (2:1, 1:1, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 - 05:44 - Сиксна (Лихотников, Кузьменко) ГБ

2:0 - 09:22 - Лихотников (Карабань, Кузьменко) ГБ

2:1 - 17:51 - Шишов (Шарапов, Дорофеев)

2:2 - 31:13 - Асуханов (Садыков, Гасников)

3:2 - 31:56 - Волков (Дёмин, Королинский)

4:2 - 50:01 - Смольянинов (Михайлов)

4:3 - 52:17 - Асуханов (Гасников, Садыков)

4:4 - 54:37 - Клочков (Гасников, Асуханов)

4:5 - 65:00 – Корчагин ПБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.