Pro Ligasy-нда сенбіге үш кездесу жоспарланды.

«Горняк» пен «Алматы» командаларына жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Кездесу барысында рудныйлықтар есеп 1:4 болып тұрған жерінен таразы басын теңестіре алды, алайда овертаймда оңтүстік астаналық ұжым өз дегеніне жетті. Шешуші соққының авторы — Павел Медведев. Қонақтар сапында Станислав Филиппенко дубльмен көзге түсті.
«Горняк» - «Алматы» 4:5 ОТ (1:3, 2:1, 1:0, 0:1)
0:1 - 03:24 - Потырка (Селезнёв)
1:1 - 09:04 - Мозжерин
1:2 - 13:24 - Гусейнов (Атаханов, Филиппенко)
1:3 - 18:49 - Филиппенко (Ананичев, Гусейнов)
1:4 - 22:29 - Филиппенко (Валиев, Атаханов) ГБ
2:4 - 29:16 - Степанов (Барабаш, Саввин)
3:4 - 37:02 - Барабаш (Кротов, Платонов)
4:4 - 51:50 - Кротов (Барабаш, Степанов)
4:5 - 63:58 - Медведев (Валиев, Ананичев)
Қақпашылар: Нурек (Тихонов, 22:29-63:58) - Эрштейн
«Торпедо» «Ақтөбеге» қарсы кездесудің әр кезеңінде екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, қорғаныста да жеткілікті сенімді ойын көрсетті.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 6:1 (2:0, 2:1, 2:0)
1:0 - 07:40 - Гренц (Панченко)
2:0 - 17:43 - Боровиков (Гренц, Пелевин)
3:0 - 27:59 - Рифель (Гренц)
4:0 - 29:24 - Кляузов (Рахманов)
4:1 - 39:36 - Козорез (Петров, Комаров)
5:1 - 52:39 - Пелевин (Яковлев, Колобов)
6:1 - 54:05 - Панченко (Гренц)
Қақпашылар: Янков - Дубович (Костюков, 29:24-60:00)

Кестедегі аралық көшбасшы «Номад» та сенімді жеңіске жетті. «Арланға» қарсы ойында «көшпенділер» Юргис Дубинскастың орындауындағы 34 сейвтің арқасында өз қақпасын аман алып қалды. Әділ Бейсембаев хет-трик авторы атанды. Ал «Барыс» ЖХК командасының көшбасшысы Нұрали Айтмағамбетов ересектер деңгейіндегі алғашқы шайбасын соқты.
«Арлан» - «Номад» 0:6 (0:0, 0:2, 0:4)
0:1 - 29:33 - Сүлейменов (Касенов, Ситников)
0:2 - 33:13 - Айтмағамбетов (Сүлейменов, Цыбин)
0:3 - 41:02 - Бейсембаев (Решетько, Гатиятов)
0:4 - 45:30 - Бейсембаев (Гусейнов)
0:5 - 53:14 - Цыбин (Айтмағамбетов)
0:6 - 57:24 - Бейсембаев (Гатиятов)
Қақпашылар: Мейдер (Истомин, 41:02-60:00) - Дубинскас
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager