Арланның, Құлагер мен Сарыарқаның түздегі жеңістері, Бейбарыс Горнякты ойсырата жеңді

6 jeltoqsan
330

Қазақстан чемпионатында сенбіге төрт матч жоспарланды.

«Торпедо» мен «Арлан» арасындағы екінші кездесудің шешуші сәті финалдық сиренаға аз қалған кезде орын алды – Евгений Орлов артық құрамды жүзеге асырды. Тимур Мейдердің еншісінде 33 сейв бар.

«Торпедо» - «Арлан» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

0:1 - 28:42 - Гопиенко (Орлов, Борисов)

1:1 - 33:11 - Гренц (Мусоров)

1:2 - 57:56 - Орлов (Санников, Борисов) ГБ

Қақпашылар: Пестов - Мейдер

«Құлагер» оңтүстік астанаға жасаған сапарын сәтті бастады. Петропавлдықтарға жеңісті Герман Шапорев, Максим Базанов және Ян Хоменконың дәл соққылары, сондай-ақ Антон Осокиннің 25 сейві әкелді.

«Алматы» - «Құлагер» 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)

0:1 - 01:46 - Шапорев (Своеволин, Бурлака)

0:2 - 37:41 - Базанов (Бурделёв, Хоменко)

0:3 - 51:09 - Хоменко (Базанов, Мартынов)

1:3 - 58:14 - Гафаров (Валиев) ГМ

Қақпашылар: Клоберданец (Эрштейн, 51:09- 59:00, 59:40-60:00) - Осокин

«Сарыарқа» «Ақтөбемен» өткен алғашқы сыртқы кездесуінде артық құрамды өте жақсы жүзеге асырып, сенімді түрде екі ұпай еншіледі. Жеңіс шайбасының авторы – Егор Смольянинов, ал Данила Кадочниковтың еншісінде 26 сейв бар.

«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 2:5 (0:1, 2:3, 0:1)

0:1 - 19:58 - Сиксна (Кузьменко, Борисевич) ГБ

0:2 - 25:30 - Фазлеев (Барбашев, Михайлов) ГБ

0:3 - 28:48 - Смольянинов (Фазлеев, Волков) ГБ

1:3 - 29:21 - Арғымбаев (Надейкин)

1:4 - 32:39 - Волков (Михайлов, Кадочников)

2:4 - 37:34 - Козорез (Комаров, Петров) ГБ

2:5 - 53:33 - Дёмин (Барбашев, Михайлов) ГБ

Қақпашылар: Ершов - Кадочников

«Горняк» «Бейбарыспен» кездесудің басын сәтсіз өткізіп, кейін ойынға қайта орала алмады. Осы жеңістің арқасында атыраулықтар турнир кестесінде «Алматыны» басып озды. Бұл матчта Егор Дорофеев пен Алексей Клочков үш ұпайдан жинады (екеуі де 1+2).

«Бейбарыс» - «Горняк» 6:1 (2:0, 3:1, 1:0)

1:0 - 03:20 - Левковец (Васин)

2:0 - 11:58 - Дорофеев (Шишов, Колотыгин)

3:0 - 32:29 - Стулов (Клочков, Асуханов) ГБ

4:0 - 35:54 - Миллер (Корчагин, Дорофеев)

5:0 - 38:24 - Гасников (Асуханов, Клочков)

5:1 - 39:59 - Кротов (Юлбарисов, Степанов)

6:1 - 59:37 - Клочков (Дорофеев)

Қақпашылар: Микушин - Нурек (Тихонов, 35:54-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.