Турдың қаһарманы – Александр Воробьёв

21 qańtar
1158

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы ретінде «Бейбарыстың» өкілі Александр Воробьёв танылды. Ол командасының өз алаңындағы «Сарыарқаға» қарсы ойындарындағы екі жеңісіне де атсалысты (5:4 және 4:3).

Осы жекпе-жек аясында шабуылшы 3 (2+1) балл жинады. Ол салған шайба жеңіс әкелді. Екі кездесудің нәтижесі бойынша пайдалылық көрсеткіші (+4). Қуантарлығы, осы екі ойында командасы гол жіберіп алған кездерде Воробьёв бірде бір рет алаңда болған жоқ.

Екі жеңісінің арқасында атыраулықтар Лиганың турнир кестесінде бесінші қатарға жайғасты. Сөйте тұра, Артём Аргоков ұжымының ізін қуып келе жатқан командалармен салыстырғанда әлі де ойнайтын матчтары бар.