Алматы Құлагерден қарымта қайтарды

15 qarasha
210

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Петропавлда өтті.

«Алматы» артық құрамды тамаша пайдаланып «Құлагерге» қарсы екінші ойында екі ұпай еншіледі. Төрт голдың үшеуін қонақтар артық құрамда ойнап соқты. Муса Гусейнов қарсыластар қақпасын екі рет дәл көздеді, ал Александр Ананичев үш рет әріптестеріне нәтижелі пас берді. Максим Клоберданецтің еншісінде — 32 сейв.

«Құлагер» - «Алматы» 3:4 (1:1, 0:3, 2:0)

1:0 - 01:45 - Шапорев (Своеволин, Базанов)

1:1 - 05:11 - Гусейнов (Ананичев) ГБ

1:2 - 32:27 - Атаханов (Ананичев, Валиев) ГБ

1:3 - 35:40 - Гусейнов (Атаханов, Тарасов)

1:4 - 38:13 - Машинец (Атаханов, Ананичев) ГБ

2:4 - 56:09 - Штефан (Бурделёв, Мартынов) ГБ

3:4 - 59:37 - Базанов (Ербатыров, Своеволин)

Қақпашылар: Каратаев - Клоберданец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.