Қазақстан чемпионатының екінші ойын айын қорытындылаймыз. «Номад» керемет кезең өткізіп, 14 матчтың 13-сін жеңіп, лиганың турнир кестесінде бірінші орынға орнықты. Сол себепті барлық номинацияда астаналық команда өкілдерінің жеңімпаз атануына таңғалуға болмайды.
Үздік қақпашы – Роман Калмыков пен Юргис Дубинскас («Номад»)
Екі қақпашы да өз командаларының жетістігіне шамамен теңдей үлес қосты, сол себепті осы айда назар дәл осы тандемға ауды. Калмыков мұзда 450 минуттан астам ойнап, орта есеппен бір матчта 2,26 шайба өткізген, ал соққыларды қайтару пайызы – 91,9%. Дубинскас 300 минуттан астам ойнаған, СК – 2,18, соққыларды қайтару пайызы – 91,54%. Сонымен қатар Роман мен Юргис бір-бірден «құрғақ» матч өткізді.
Үздік қорғаушы – Бейбарыс Оразов («Номад»)
Қазанда Оразов көптеген шабуылшылар қызыға қарайтындай нәтижелілігімен көзге түсті. «Бейбарыс» 10 ойынның 9-ында ұпай жинады, оның еншісінде жалпы 7 шайба және 8 пас бар, пайдалығы +10. Қорғаныс ойыншысы4 голды артық құрамменсалды, ал 3 соққысы команда үшін жеңіс әкелді. «Nomad» командасының 19-нөмірлі ойыншысыныңмергендік сериясы бес матчқа жеткен.
Үздік шабуылшы – Диас Гусейнов («Номад»)
«Көшпенділердің» негізгі қозғаушы күші – Диас Гусейнов болды, ол бір ай ішінде 20 ұпайдан астам жинап, лиганың үздік бомбардирлері арасында үшінші орынға шықты. Қазанда ол 14 матчтың 12-сінде нәтижелі ойын көрсетті. Диас қарсыластың қақпашысын 6 рет алды және 15 пас берді. Пайдалығы +7 болды. Сонымен қатар оның соққыларының 18,75%-ы нәтижелі болды.
Үздік жас ойыншы – Тимур Миндубаев («Номад»)
Қазан айының соңында «Номад» командасында мүмкіндік алған 18 жастағы Миндубаев құрамға сәтті қосылып, нәтижелі ойын көрсетті. Үш кездесуде ол 4 шайба соғып, 1 пас берді, пайдалығы +4 болды. 4 гол салу үшін оған барлығы 8 соққы жеткілікті болды (соққылардың 50%-ы нәтижелі болды).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager