Сәрсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч өтті.

Өз мұз айдынында өткен «Сарыарқамен» екінші кездесуде «Торпедо» құрамасы табандылық танытып, қарымта қайтарды. Алаң иелерінің жеңісіне арнайы құрамдардың ойыны себеп болды – Андрей Корабейниковтің шәкірттері қарсыластардың екі бірдей ережебұзушылығын Фёдор Хорошев пен Андрей Лагуновтың шайбалары арқылы жазалады. Қарағандылықтар бұған үшінші кезеңнің соңында Александр Борисевичтің голымен жауап берді. Владислав Пестов 41 сейв жасады.
«Торпедо» - «Сарыарқа» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)
1:0 - 07:10 - Хорошев (Гренц, Мусоров) ГБ
2:0 - 25:11 - Лагунов (Мусоров, Гренц) ГБ
2:1 - 58:57 - Борисевич (Лихотников, Кузьменко)
Қақпашылар: Пестов - Кадочников

Рудныйда өткен екінші ойында «Арлан» әр кезеңде бір-бірден шайба соғып, қорғаныста өте сенімді ойын көрсетті. Дмитрий Преснов дубльмен көзге түсті, ал тағы бір шайбаны Арсений Борисов соқты. Тимур Мейдер 28 соққыны қайтарды. Осы нәтижесінің арқасында көкшетаулықтар қазіргі тұрақты чемпионаттың үздік бестігі қатарындағы орнын нығайтты.
«Горняк» - «Арлан» 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)
1:0 - 07:32 - Рахимов (Өтебаев, Ревацкий) ГБ
1:1 - 18:53 - Преснов (Орлов, Санников)
1:2 - 29:15 - Борисов (Преснов, Санников)
1:3 - 58:18 - Преснов
Қақпашылар: Нурек - Мейдер

«Номад» та сырт алаңдағы «Алматыға» қарсы кездесуде толық ұпай қорын еншіледі. Бүгін астаналық команданың жеңісін Кирилл Ляпунов, Саян Данияр және Тимур Миндубаевтың дәл соққылары қамтамасыз етті. Роман Калмыков 34 сейв жасады. Константин Пушкарёвтің шәкірттері лига турнир кестесінде сенімді түрде көш бастауын жалғастырып келеді.
«Алматы» - «Номад» 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)
0:1 - 07:40 - Ляпунов (Бойко)
1:1 - 12:46 - Гусейнов (Тарасов)
1:2 - 20:27 - Данияр (Гатиятов, Гусейнов)
2:2 - 44:47 - Атаханов (Селезнёв, Гусейнов)
2:3 - 48:27 - Миндубаев (Никитин)
Қақпашылар: Клоберданец - Калмыков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Qulager
Arlan