Құлагер мен Алтай Торпедо қарымта қайтарды, Торпедо мен Теміртау екінші рет жеңіске жетті. 19 қаңтардағы матчтарға шолу

19 qańtar
1299

«Құлагер» «Номадтан» қарымта қайтарды. «Арлан» мен «Торпедо» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. «Алтай Торпедо» матчтың соңында үш шайба салып, жеңісті «Алматыдан» жұлып әкетті. «Теміртау» тағы да «Ертіске» қарсы ойында сенімді түрде жеңіске жетті. «Ақтөбе» «Снежные Барсы» командасының арынын басты. «Бейбарыс» өз алаңындағы «Сарыарқамен» ойында алты ұпай жинады.

«Номад» пен «Құлагер» елордада әбден тартысты. 152 минут айып белгіленген бұл кездесуде петропавлдықтар басымырақ болды.

«Номад» - «Құлагер» 2:3 (1:0,1:2, 0:1)

1:0 - 19:44 - Пархоменко (Ибрайбеков) ГБ

1:1 - 26:14 - Ахметов (Стасюк, Исмагилов) ГБ

1:2 - 32:22 - Стасюк (Исмагилов, Ахметов)

2:2 - 39:19 - Ибрайбеков (Бутенко, Муратов)

2:3 - 52:12 - Власов (Вишняков)

Қақпашылар: Крамарь, Каратаев (26:14-60:00) – Янков

«Арлан» мен «Торпедо» арасындағы екінші кездесуде командаларға жеңімпазды анықтау үшін 65 минутқа созылған ойын уақыты жетпей қалды. Буллиттер сериясында өскемендіктер дөп түсті. Жеңіс сыйлаған соққының авторы Дмитрий Гренц болды.

«Арлан» – «Торпедо» 2:3 Б (1:1, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 10:41 - Бердников Р. (Жуков, Раенко)

1:1 - 18:27 - Виноградов (Тымченко)

1:2 - 31:46 - Левицкий

2:2 - 59:51 - Бердников В. (Евграфов, Ермолаев) ГБ

2:3 - 65:00 - Гренц ПБ

Қақпашылар: Румянцев – Сидоров

«Алтай Торпедо» қорытынды кезеңнің алты минутқа жетер жетпес уақыты ішінде «Алматымен» ойынның барысын түбегейлі өзгертті. Әділбек Жанғазинов дубль жасады, Степан Богданов бос қақпаға шайба салып, түбегейлі есепті орнатты. Өскемендіктер кешегі құрғақ жеңілістен кейін қарымта қайтарды.

«Алтай Торпедо» – «Алматы» 4:2 (1:1, 0:0, 3:1)

1:0 - 17:03 - Белохонов (Каиров, Богачонок)

1:1 - 17:18 - Исаев (Яхонт, Баженов)

1:2 - 53:42 - Борисов (Бельгибаев) ГМ

2:2 - 54:19 - Джангазинов (Дерзаев, Скуматов) ГБ

3:2 - 59:13 - Джангазинов (Богданов)

4:2 - 59:56 - Богданов (Колобов) ПВ

Қақпашылар: Нурек – Грязнов

Алаң иелері матчтың жеңімпазы кім болатынын екінші кезеңнің соңында-ақ байқатты. Қорытынды кезеңде павлодарлықтар «Теміртаудың» қақпасын екі рет алып, құрғақ жеңілістен құтылып кетті. Алайда бұл соққылар кездесудің барысын өзгерте алмады.

«Теміртау» – «Ертіс» 5:2 (2:0, 2:0, 1:2)

1:0 - 01:23 - Демин (Жилов)

2:0 - 02:12 - Потапов (Кулиев)

3:0 - 21:21 - Кожевников (Попов) ГБ

4:0 - 35:39 - Жорабек

4:1 - 53:51 - Марушев (Самойлов)

4:2 - 56:26 - Путилов (Самойлов, Волгин) ГБ

5:2 - 59:34 - Кулиев (Лызин) ГБ

Қақпашылар: Еремеев – Микушин

«Бейбарыс» «Сарыарқаны» екінші рет жеңіп, лиганың турнир кестесінде бесінші қатарға жайғасты.

«Бейбарыс» – «Сарыарқа» 4:3 (1:0, 2:2, 1:1)

1:0 - 14:45 - Севостьянов (Петров, Васильев)

2:0 - 20:14 - Старцев (Рыжих, Воробьев)

2:1 - 27:40 - Голоднюк (Анохин, Рыбаков)

3:1 - 31:47 - Воробьев (Курепанов)

3:2 - 39:34 - Михайлов (Желнеровский, Никулин)

3:3 - 45:27 - Голоднюк (Никулин)

4:3 - 48:37 - Кожевников (Гарифулин, Закарлюкин)

Қақпашылар: Белоконский – Ибрагимов (Бояркин, 20:14 -58:42)

«Ақтөбемен» матчтың барысында елордалық ұжым тіпті алда келе жатты. Алайда шешуші үшінші кезеңде алаң иелері тәжірибесін көрсетіп, төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.

«Ақтөбе» – «Снежные Барсы» 5:3 (0:0, 1:2, 4:1)

0:1 - 27:10 - Сайко (Макеев, Кенесбай)

1:1 - 28:43 - Скворцов (Степанов, Шмурыгин)

1:2 - 34:45 - Шетле (Евлоев, Шульга)

2:2 - 42:57 - Зинченко (Митряков)

3:2 - 48:24 - Митряков (Скатов, Егоров)

4:2 - 51:28 - Жилин

4:3 - 57:13 - Сайко (Бойко, Муратов) ГБ

5:3 - 58:25 - Скатов (Митряков) ПВ

Қақпашылар: Тихонов – Павленко