Сенбі күні Қазақстан чемпионаты аясында екі хоккей ойыны өтті.

«Құлагер» Өскеменде маңызды екі ұпайға қол жеткізді. Екінші кездесудің негізгі сәттері үшінші кезеңде өрбіді. Қонақтарға жеңіс әкелген шайбаларды Артём Сошников пен Александр Воробьёв соқты. Антон Осокин 33 рет қақпасын сәтті қорғап шықты. Осылайша, петропавлдықтар үздік үштіктегі орнын сақтап қалды.
«Торпедо» - «Құлагер» 1:3 (0:1, 0:0, 1:2)
0:1 - 10:25 - Исмагилов ГБ
1:1 - 45:38 - Мусоров (Гренц)
1:2 - 52:17 - Сошников (Своеволин, Казаченко)
1:3 - 58:33 - Воробьёв (Попитич)
Қақпашылар: Янков - Осокин

«Сарыарқа» «Арланнан» сенімді түрде қарымта қайтарып, турнирлік кестеде екінші орынға орнықты. Үшінші кезеңнің басында қарағандылықтар төрт шайбамен алда болып, ойынды жеңіспен аяқтады. Сұрмергендер Эдуард Михайлов, Евгений Королинский, Данила Карабань, Артём Лихотников және Иван Степаненко өз есептерін толықтырды.
«Сарыарқа» - «Арлан» 5:2 (2:0, 1:0, 2:2)
1:0 - 19:15 - Михайлов (Кузьменко, Барбашев)
2:0 - 19:34 - Королинский (Сиксна, Кадочников)
3:0 - 38:39 - Карабань (Михайлов)
4:0 - 40:37 - Лихотников (Борисевич, Карабань) ГБ
4:1 - 51:22 - Санников (Орлов, Преснов)
5:1 - 52:33 - Степаненко (Борисевич, Барбашев)
5:2 - 54:50 - Борисов (Санников, Преснов) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Шефер (Истомин, 40:00-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Qulager
Arlan