Арланның құрғақ жеңісі, елдің солтүстігіндегі буллиттер

15 qazan
288

Көкшетау мен Петропавлда Қазақстан чемпионаты аясындағы екінші хоккей кездесулері өтті.

«Ақтөбемен» өткен екінші ойында «Арлан» әр кезеңде бір-бір шайбадан соғып, қорғаныста өте сенімді ойын көрсетті. Қақпашы Роман Шефер 19 сейв жасап, матчты «құрғақ» есеппен аяқтады. Гол авторлары — Степан Санников, Андрей Кураков және Александр Гопиенко.

«Арлан» - «Ақтөбе» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 10:59 - Санников (Преснов, Борисов) ГБ

2:0 - 35:38 - Кураков

3:0 - 52:02 - Гопиенко (Орлов, Санников)

Қақпашылар: Шефер - Дубович

«Құлагер» мен «Сарыарқа» арасындағы екінші кездесу тағы да негізгі уақыттан тыс аяқталды, бұл жолы тіпті буллиттер сериясына дейін жетті. Бұл серияда мұз иелері дәлірек ойнады. Тағы бір қызықты жайт — жеңіс шайбасының авторы тағы да Дмитрий Исмагилов болды. Петропавлдағы матчтардың қорытындысы бойынша қос команда да чемпионаттың үздік үштігінде орналасқан.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 3:2 Б (1:0, 1:2, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 03:46 - Тунхузин (Воробьёв, Исмагилов)

1:1 - 23:38 - Карабань (Борисевич, Лихотников)

1:2 - 25:06 - Лихотников (Карабань, Сиксна)

2:2 - 26:50 - Бурлака (Марқабаев)

3:2 - 65:00 – Исмагилов ПБ

Қақпашылар: Осокин - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.