Pro Ligasy-ндағы қыркүйектің үздік ойыншылары

1 qazan
400

Қазақстан чемпионатының алғашқы ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Роман Калмыков («Номад»)

Маусымның басында «Көшпенділер» жақсы серия көрсетіп келеді, оған Роман Калмыковтың сенімді ойыны зор үлес қосты. Қақпашы төрт ойында төрт жеңіске жетіп, жоғары тиімділік коэффициентін – 1,01 (небәрі 4 гол жіберген) және 96,19% соққыны қайтару көрсеткішін тіркеді. Бір ойында ол қақпасын гол жібермей қорғап шықты.

Үздік қорғаушы – Фёдор Хорошев («Торпедо»)

«Торпедоға» ауысқаннан кейін Фёдор Хорошев капитан дәрежесін иеленіп қана қоймай, командасының нағыз көшбасшысына айналды. Қорғаушы қыркүйек айында өткен 8 матчтың 6-ауында ұпай жинады. Жалпы оның еншісінде 2 гол мен 8 пас бар, тиімділік көрсеткіші +9. Сондай-ақ ол қарсылас қақпасына 27 дәл соққы бағыттап, бар болғаны 4 минут айып уақытымен шектелді.

Үздік шабуылшы – Дмитрий Гренц («Торпедо»)

«Торпедоның» дәстүрлі көшбасшыларының бірі – Дмитрий Гренц. Тәжірибелі шабуылшы айды 8 матчта жинаған 14 (5+9) ұпаймен аяқтады. Қыркүйектегі тек бір ойында ғана ол нәтижелі әрекетсіз қалды. Оның тиімділік көрсеткіші +12 болды. Сонымен қатар Дмитрий қарсылас қақпасына 37 соққы жасап, тасталған шайбалардың 57,5 пайызын жеңіп алды.

Үздік жас ойыншы– Данила Пиниди («Бейбарыс»)

Жас шабуылшы қыркүйек айындағы матчтарда өзін айқын көрсете білді және ұпай қоржынын жақсы толықтырды. Ол 7 кездесуде 1 шайба соғып, 5 нәтижелі пас берді және қарсылас қақпасына 15 дәл соққы бағыттады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.