Номад, Алматы мен Теміртау құрғақ жеңіске жетті. 18 қаңтардағы матчтарға шолу

18 qańtar
1354

«Номад» «Құлагерге» шайба салуға еш мүмкіндік бермеді. Ойын күнінің негізгі жекпе-жегінде «Торпедо» «Арланды» жеңді. «Алматы» «Алтай Торпедоны» ойсырата жеңді. «Теміртау» «Ертіске» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Бейбарыс» «Сарыарқаны» жеңу үшін біршама тер төкті. «Ақтөбе» «Снежные Барсы» командасын тізе бүктірді.

«Номад» екінші және үшінші кезеңдерде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырды. Владимир Крамарь 28 соққыға тойтарыс беріп, өз қақпасына шайба жуытпады.

"Номад" - "Құлагер" 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)

1:0 - 23:29 - Муратов (Зубов, Пархоменко)

2:0 - 34:14 - Данияр Сн. (Яковлев)

3:0 - 45:14 - Зубов (Муратов, Пархоменко)

4:0 - 46:23 - Пелевин (Данияр Сн.) ГБ

Қақпашылар: Крамарь – Хозяшев

«Торпедоның» қақпасына жалғыз шайбасын көкшетаулықтар бастапқы кезеңнің ортасында көпшілікпен салды. Қалған уақытта өскемендіктер үш рет шайба салды.

"Арлан" - "Торпедо" 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)

1:0 - 09:48 - Колесников (Ермолаев) Гб

1:1 - 25:00 - Угольников (Стулов, Кучин)

1:2 - 32:31 - Архипов (Лихотников) Гб

1:3 - 59:16 - Стулов

Қақпашылар: Румянцев (58:40 – 59:16 ПВ) – Шутов

Қазақстанның оңтүстік астанасынан келген команда «Алтай Торпедоға» еш мүмкіндік қалдырмады. Алаң иелерінің қақпасына алты шайба аттанды. Максим Грязнов биылғы маусымдағы үшінші «құрғақ» ойынын өткізді.

"Алтай Торпедо" - "Алматы" 0:6 (0:2, 0:3 ,0:1)

0:1 - 02:24 - Ефимов (Ананьин, Ковзалов) 02:24

0:2 - 15:31 - Бельгибаев (Бурделев, Писарев) Гб

0:3 - 25:38 - Клемешов (Ананьин, Бурделев)

0:4 - 26:46 - Баженов (Моренец, Исаев) ГБ

0:5 - 36:07 - Бурделев (Бельгибаев, Борисов)

0:6 - 52:05 - Ковзалов (Ефимов, Бутузов) ГБ

Қақпашылар: Мейдер (Нурек 36:07 – 60:00) – Грязнов

Теміртаулық жігіттер өз қақпасына шайба жуытпастан «Ертісті» жеңіп кетті. Сары-қаралар есепті екінші кезеңнің ортасында аз құраммен ойнап жүріп ашты. Үшінші кезеңде Роман Козловтың ойыншылары үстемдігін нығайтты. Қонақтардың бос қақпасына шайба аттандырған Сергей Жилов матчтың нүктесін қойды.

«Темиртау» – «Ертіс» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 39:44 – Жилов (Москалев) ГМ

2:0 – 45:10 – Королинский (Цуриков)

3:0 – 57:29 –Михнин (Холкин, Кулиев) ПВ

Қақпашылар: Еремеев – Полошков (57:18 – 57:29 ПВ)

«Бейбарыс» пен «Сарыарқа» бірінші матчта нәтижелі ойын көрсетті. Қарсыластар 9 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Матч барысында есе жіберіп келе жатқан «Бейбарыс» ойын бағытын өзгертіп, бір ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.

"Бейбарыс" – "Сарыарқа" 5:4 (1:1, 1:2, 3:1)

0:1 - 11:47 - Безруков (Зеленков, Анохин) ГБ

1:1 - 12:50 - Ананичев Ар. (Рыжий, Бакика)

1:2 - 24:30 - Борисевич (Михайлов, Безруков)

1:3 - 35:05 - Желнеровский (Михайлов, Сиксна)

2:3 - 35:55 - Кожевников (Степаненко, Гевель)

3:3 - 45:26 - Гевель (Петров)

4:3 - 49:24 - Гевель (Закарлюкин, Кожевников) ГБ

5:3 - 55:37 - Воробьев (Курепанов, Старцев)

5:4 - 58:29 - Зеленков (Борисевич, Безруков)

Қақпашылар: Белоконский – Бояркин

«Ақтөбе» өз алаңында «Снежные Барсы» командасын сенімді түрде жеңді. Алаң иелері үшін екінші кезең аса нәтижелі болып, ақтөбеліктер үш рет шайба салды. Финалдық ысқырыққа 6 минут қалғанда елордалық хоккейшілер есеп ашты. 4:1 есебімен «Ақтөбе» жеңіске жетіп, турнир кестесінің 11-інші қатарына көтерілді.

"Ақтөбе" – "Снежные Барсы" 4:1 (1:0, 3:0, 0:1)

1:0 - 03:30 -Егоров (Ельшанский, Зинченко)

2:0 - 23:35 - Скатов (Митряков, Жилин)

3:0 - 33:54 - Зинченко (Шмурыгин)

4:0 - 36:21 - Скатов (Беляев, Егоров)

4:1 - 54:01 - Филиппенко (Верещагин, Макеев)

Қақпашылар: Скрипченко – Калмыков (Павленко 36:21 – 60:00)



ВКонтакте, Инстаграм, Телеграм < Присоединяйтесь и следите за новостями Pro Ligasy на удобных для себя платформах.