7 қыркүйекте өткен матчтарды қоса есептегенде, Pro Hokei Ligasy-ның алғашқы ойын аптасына қорытынды жасаймыз.
«Құлагер» чемпионатты жаман бастамады – 4 матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, үздік үштік қатарынан орын алды. Бұл нәтижеге зор үлесін қосқан Дмитрий Исмагилов: ол 4 кездесуде 5 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді. Оның тиімділік көрсеткіші +3-ке тең. Сонымен қатар шабуылшы керемет дәлдік көрсетті – оның соққыларының 62,5%-ы қақпаға дөп тиді. Айта кетерлігі, Дмитрий петропавлдықтардың үш жеңісті ойынының бәрінде де ұпай жинады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager