Торпедо Арланды ойсырата жеңді, Горняк Алматының қақпасын ала алмады

8 qyrkúıek
1328

Хоккейден Қазақстан чемпионаты қарқын алып жатыр.

Чемпионаттың алғашқы матчындағы жеңілістен кейін «торпедолықтар» «Арланнан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Көкшетаулықтардың қақпасына жауапсыз он шайба аттанып, олардың үшеуін қонақтар кем құраммен ұйымдастырды. Қарсыласты екі реттен Александр Панченко, Данияр Қайыров пен Владимир Боровков састырды. Андрей Янков қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Торпедо» 0:9 (0:2, 0:4, 0:3)

0:1 - 01:36 - Қайыров (Хорошев, Быков)

0:2 - 02:59 - Мусоров (Гренц) ГБ

0:3 - 27:38 - Рахманов ГМ

0:4 - 28:12 - Панченко ГМ

0:5 - 30:57 - Боровков (Рахманов, Мусоров)

0:6 - 32:44 - Панченко (Алдабергенов, Гренц)

0:7 - 42:13 - Қайыров (Быков)

0:8 - 56:06 - Боровков ГМ

0:9 - 59:53 - Алдабергенов ГБ

Қақпашылар: Истомин (Шефер, 30:57-58:58) - Янков

Оңтүстік астанада жаңа маусымның алғашқы матчын «Алматы» мен «Горняк» өткізді. Мұнда алаң иелеріне жеңісті бірінші және үшінші кезеңдердің соңғы минуттарында гол салған Муса Гусейновтің дублі әкелді. Илья Яковенконың есебінде 31 сейв бар.

«Алматы» - «Горняк» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 19:11 - Гусейнов (Атаханов)

2:0 - 59:40 - Гусейнов (Атаханов, Селезнев) ПВ

Қақпашылар: Яковенко - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.