Торпедо – 2025 жылғы Қазақстан кубогінің иегері

29 tamyz
2187

Қарағандыда хоккейден Қазақстан кубогінің финалдық матчы өтті.

«Сарыарқа» шешуші жекпе-жекке апарар жолда А тобында көш бастады: үш матчта үш рет негізгі уақытта жеңіске жетті. Жартылай финалда қарағандылықтар «Құлагердің» арынын басты (2:1).

«Торпедо» да топта ең жоғары балды жинады, алайда бір жеңіс үшін өскемендіктерге овертайм керек болды. Жартылай финалда Андрей Корабейниковтің ойыншылары «Арланды» жеңді (3:2).

Ойынның шартты иелері бастапқы кезеңді екпіндетіп өткізіп, жеңістен үмітті екендерін білдірді. Алғашқы 20 минут ішінде «Сарыарқа» қақпасына үш шайба соғылды. Олардың авторлары – Александр Панченко, Максим Мусоров және Степан Александров.

Егор Кузьменко екінші үзіліске аз қалғанда бір шайбаның есесін қайтарды, әрі қарағандылық форвард бұл голын аз құрамда соқты. Дегенмен Владимир Князев шәкірттері осы жетістікті әрі қарай дамыта алмады. Қорытынды есепті Михаил Рахманов орнатты. Осылайша «Торпедо» 2025 жылғы Қазақстан кубогінің иегері атанды.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 02:55 - Панченко (Мусоров)

2:0 - 05:19 - Мусоров (Хорошев)

3:0 - 19:51 - Александров (Боровиков, Рысбеков)

3:1 - 34:35 - Кузьменко ГМ

4:1 - 57:49 - Рахманов ГМ

Қақпашылар: Пестов - Ибрагимов (Кадочников, 20:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.