Сарыарқа Қазақстан кубогінің финалына шықты

28 tamyz
984

2025 жылғы Қазақстан кубогіне финалына екінші жолдама үшін «Сарыарқа» мен «Құлагер» тартысқа түсті.

Матчтың алғашқы шайбасын көрермен кездесудің 34-ші минутына дейін күтті. Қарағандылық жанкүйерлердің қуанышына орай Кирилл Пономарёв ойынның ары қарайғы қарқынын анықтап берді. Үшінші кезеңнің басында шешуші сәт орын алды – Радель Фазлеев «Сарыарқаның» басымдығын арттырып, алаң иелеріне матчтың соңында өзін сенімді ұстауға мүмкіндік берді. Герман Шапоревтің дәл соққысы ойынға қайтадан шиеленіс әкелгенімен, петропавлдықтар кездесуді құтқара алмады. «Сары-қаралардың» қақпашысы Жәкен Ибрагимов өз еншісіне 24 сейв жазды.

Ертең ҚР Кубогінің шешуші матчында «Сарыарқа» «Торпедомен» ойнайды.

«Сарыарқа» - «Құлагер» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 33:45 - Пономарёв (Борисевич, Пономарёв)

2:0 - 40:49 - Фазлеев (Наместников)

2:1 - 47:13 - Шапорев (Тунхузин)

Қақпашылар: Ибрагимов - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.