Торпедо – Арлан матчы алдында

26 tamyz
687

2025 жылғы Казақстан кубогі финалына алғашқы жолдаманы иелену үшін В тобының жеңімпазы «Торпедо» мен А тобында екінші орын алған «Арлан» сынға түседі. Назарларыңызға алғашқы жартылай финал алдындағы кейбір статистикалық деректерді ұсынамыз.

«Торпедо» – алдын ала кезең қорытындысы бойынша нәтижелілігі жағынан екінші команда. Өскемендіктер 3 матчта қарсыластарының қақпасына 15 рет шайба салды.

Команданың үздік бомбардирлері Михаил Рахманов (2+3) пен Степан Санников (3+2) бірдей ұпай жинады. Алайда жалпы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде олар тиісінше алтыншы және бесінші орындарды иеленіп тұр.

Бомбардир-қорғаушылар тізімінің алғашқы үш қатарын «Торпедо» мен «Арлан» өкілдері иеленіп отыр. Фёдор Хорошевтің еншісінде 1 шайба мен 3 нәтижелі пас бар, ал Александр Гопиенко мен Денис Недилько 3 (2+1) ұпайдан жинады.

Андрей Янков – сенімділік коэффициенті бойынша топтық кезеңнің көшбасшыларының бірі. «Торпедо» қақпашысы орта есеппен әр ойында 1,5 шайбадан жіберіп алған. Ал соққыларды тойтару пайызы бойынша Роман Шефердің көрсеткіші жоғары. «Арлан» голкипері қарсыластардың 92,4% соққысына тойтарыс берді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.