2025 жылғы Қазақстан кубогі жолындағы тартысқа тағы төрт команда қосылды.

«Горняк» турнирдегі алғашқы матчында «Сарыарқаның» қақпасын ала алмады. Қарағандылықтар құрамынан Сергей Барбашев дубль жасады, алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Егор Кузьменко (1+2) қатысты. «Сары-қаралардың» голкипері Жәкен Ибрагимов қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.
«Сарыарқа» - «Горняк» 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)
1:0 - 06:45 - Барбашев (Полохов, Кузьменко)
2:0 - 23:03 - Кузьменко (Пономарёв)
3:0 - 35:35 - Королинский (Баженов, Пономарёв)
4:0 - 44:39 - Барбашев (Кузьменко, Борисевич) ГБ
5:0 - 48:22 - Наместников (Фазлеев, Смольянинов) ГБ
Қақпашылар: Ибрагимов - Нурек

«Торпедо» «Ақтөбенің» арынын басты. В тобының иелеріне жеңіс әкелген соққының авторы – тәжірибелі Дмитрий Гренц. Қонақтар құрамынан өз есебіне екі балды өскемендік жұртшылыққа жақсы таныс Глеб Астраханцев жазды.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)
1:0 - 12:23 - Боровков (Гренц, Рахманов) ГБ
2:0 - 20:23 - Колобов (Пелевин, Мусоров) ГБ
2:1 - 20:31 - Сайко (Астраханцев)
3:1 - 26:17 - Гренц (Боровков)
3:2 - 57:18 - Астраханцев (Курсакбаев)
4:2 - 57:57 - Алдабергенов (Быков, Боровиков)
Қақпашылар: Янков - Ершов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager