Номад пен Снежные Барсы жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. 15 қаңтардағы матчтарға шолу

15 qańtar
1180

Қазақстан чемпионатының ойын күніндегі жалғыз кездесуде «Номад» пен «Снежные Барсы» жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады.

Ең маңызды сәттер бірінші кезеңде орын алып, қарсыластар бір-бірінің қақпасына екі реттен шайба салды. Ары қарай ешбірі қақпасына шайба жуытпастан жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Мұнда «көшпенділер» дөп түсті.

«Снежные Барсы» – «Номад» 2:3 Б (2:2, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 02:57 – Маңғысбаев (Әлібек, Евлоев)

1:1 – 05:51 – Александров (Шайхмедденов, Преснов)

1:2 – 08:12 – Диханбек (Комаровский, Данияр Сн) ГБ

2:2 – 08:18 – Макеев

2:3 – 65:00 – Мұратов ПБ

Қақпашылар: Қаратаев (Крамарь, 08:18-65:00) – Әмірбеков (Калмыков, 08:12-65:00)