2025 жылғы хоккейден Қазақстан кубогінің өту күндері мен орындары белгілі болды.
Биыл беделді трофей үшін 8 ұжым тартысады, аталмыш командалар өткен маусымдағы рейтингке сәйкес екі топқа бөлінген.
Айта кететін жайт, бүгінгі таңда ташкенттік «Хумо» Қазақстан Кубогі мен Pro Hokei Ligasy чемпионатына қатысатыны туралы растаушы құжаттар ұсынған жоқ.
Павлодарлық «Ертіс» пен «Мұнайшы» клубтың қаржыландыруына байланысты мәселелерге орай ересектер және жастар арасында өтетін ҚР Кубогінің жарыстарына қатыспайды, алайда Pro және Jastar Ligasy чемпионаттарына қатысады.
А тобында Қарағандыда қазіргі ел чемпионы көкшетаулық «Арлан», «Сарыарқа», рудныйлық «Горняк» және атыраулық «Бейбарыс» ойнайды.
Ойындары Өскеменде өтетін В тобында «Торпедо», «Алматы», «Ақтөбе» және петропавлдық «Құлагер» бақ сынайды.
Алдын ала кезеңнің кездесулері 22–25 тамыз аралығында өтеді. Әрі қарай плей-офф кезеңі аясында жартылай финалдар (топ жеңімпаздары параллель топтың екінші орын иелерімен кездеседі) және финал өтеді. Шешуші матчтар 28 және 29 тамыз күндері Қарағандыда өтеді.
Матчтар кестесі
22 тамыз, Жұма
15.00 ARLAN - BEIBARYS
15.00 ALMATY - QULAGER
19.00 SARYARQA - GORNYAK
19.00 TORPEDO - AQTOBE
23 тамыз, Сенбі
17.00 BEIBARYS - SARYARQA
17.00 QULAGER - TORPEDO
24 тамыз, Жексенбі
17.00 GORNYAK – ARLAN
17.00 ALMATY - AQTOBE
25 тамыз, Дүйсенбі
15.00 GORNYAK - BEIBARYS
15.00 AQTOBE - QULAGER
19.00 SARYARQA - ARLAN
19.00 TORPEDO - ALMATY
28 тамыз, Бейсенбі
15.00 Жартылай финал (В1-А2)
19.00 Жартылай финал (А1-В2)
29 тамыз, Жұма
19.00 Финал
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager