Атыраулық клубтың басшылығы өткен маусымда негізгі команданың бас бапкері болған Александр Высоцкиймен келісімшартты ұзарту туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Бейбарыс» баспасөз қызметі Егор Кутугинмен ынтымақтастықтың ұзартылатынын жария етті, ол бас бапкердің ассистенті қызметін орындауды жалғастырады. Сонымен қатар командаға қақпашылар бапкері Игорь Черников қосылады.
Қазіргі таңда «Бейбарыс» Түркістанда оқу-жаттығу жиындарын өтіп жатыр, онда команда алдағы Қазақстан кубогіне дайындалады. Әрі қарай атыраулықтар Pro Ligasy-ның жаңа маусымы басталар алдында ОЖЖ қорытынды бөлігін өткізеді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager