Pro Ligasy клубтарындағы ең қызықты жаңалықтарды бақылауды жалғастырамыз.
«Сарыарқа» өткен кезеңде бірден бірнеше көшбасшы ойыншымен келісімшарт ұзартып үлгерді. «Сары-қаралар» намысын өткен маусымда команданың екінші сұрмергені атанған Александр Борисевич (33 ұпай, 10+23), сондай-ақ нәтижелі шабуылшылар Егор Кузьменко, Евгений Королинский және Никита Баженов қорғай береді. Команданың негізгі қорғаушыларының бірі – Егор Наместников те «Сарыарқа» құрамында қалды.
«Бейбарыс» өз құрамында қақпашы Артём Микушинді сақтап қалды. Өткен маусымда тәжірибелі қақпашы атыраулықтар сапында 20 матч өткізіп, әр ойында орта есеппен 2,24 шайбадан өткізген, ал соққыларды тойтару пайызы – 92,9 болды.
«Торпедо» өз құрамын Қазақстанның қазіргі чемпионы Владимир Боровковты қосып күшейтті. Өткен маусымда шабуылшы «Арлан» сапында 53 матчта 23 гол және 16 нәтижелі пас берген.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager