Петропавлдық клуб алдағы маусымға құрамды жасақтауды бастады.
«Құлагер» қақпашылар Антон Осокин мен Богдан Гигановты, сонымен қатар Руслан Габазовты жалға алды. Осокин өткен маусымды «Алматыда» өткізді. Тұрақты чемпионатта ол әрбір ойына 2,74 шайбадан өткізіп, соққылардың 92,5%-ына тойтарыс берді. Плей-оффта голкипер өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты: СК – 2,25 және сейв 94,2%.
Богдан Гиганов маусымның көп бөлігін Jastar Ligasy-нда «Құлагер» сапында өткізді (87,2% тойтарыс, СК – 4,83). 19 жастағы голкипер сондай-ақ елдің ересектер чемпионатында петропавлдық команда құрамында дебют жасап үлгерді.
Руслан Габазов өткен маусымда «Горняктың» намысын қорғады. Плей-оффты қосқандағы 37 кездесуде қорғаныс ойыншысы 4 (3+1) балл жинады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager