Pro Ligasy-ның үздік қорғаушысы Торпедоға өтті

19 maýsym
646

Өскемендік ұжым екі келісімшартпен қорғаныс шебін нығайтты.

«Торпедода» өз мансабын өткен маусымның үздік қорғаушысы Фёдор Хорошев жалғастырады. «Арлан» құрамындағы 53 матч бойынша ол 34 (10+24) балл жинады.

Өткен маусымды «Құлагерде» өткізген қорғаушы Илья Рыжий өз командасына оралды. Тұрақты чемпионаттың 40 матчы аясында ол екі шайба салып, 11 рет пас берді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.