Гренц пен Боровиков Торпедоға оралды

18 maýsym
899

Pro Ligasy командалары кезекті маусым алдында құрамдарын толықтырумен айналысып жатыр.

«Торпедо» өскемендік жұртшылыққа жақсы таныс ойыншылардың оралатынын жария етті – «Хумодан» қорғаушы Станислав Боровиков пен шабуылшы Дмитрий Гренц ауысты. Боровиков өткен маусымда плей-оффты қосқанда, 51 матч өткізді және өз есебіне 13 (4+9) ұпай жазды. Гренцтің есебінде өткен чемпионаттың 43 кездесуі аясында 25 (9+16) ұпай бар.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.