Турдың қаһарманы – Евгений Чемерилов

16 qańtar
1355

ҚХФ PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы ретінде «Ертістің» өкілі Евгений Чемерилов танылды. «Ақтөбеге» қарсы өткен матчтарда шабуылшы өз қоржынына 6 (4+2) ұпай салып, өз командасына көптен бері алғаш рет жеңіске жетуге көмектесті. Әрбір кездесуде Евгений дубль жасап, ол салған шайбалар осы екі матчта командаға жеңіс әкелді.

Осылайша, павлодарлық ұжым өзінің сегіз матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатып, турнир кестесінде «Ақтөбені» басып озды.