Петропавлдық клуб негізгі команданың құрамындағы өзгерістер туралы айтып берді.
Оңтүстікті солтүстікке шабуылшылар Ян Хоменко (өткен маусымда 16+14 ұпай), Артём Бурделёв (11+15) пен Степан Штефан (6+13) айырбастады. Олар «Құлагердің» бас бапкері Андрей Спиридоновтың талаптарымен «Алматыдағы» жұмыс кезінен жақсы таныс.
Олардан басқа, петропавлдықтар сапын өткен маусымды «Ақтөбеде» өткізген қорғаушы Илья Горожанинов (1+3), сондай-ақ форвардтар Дмитрий Исмагилов (9+15), Артём Сошников (3+10) пен Евгений Попитич (8+17) толықтырды.
Солтүстікқазақстандықтардың тағы бір жаңа ойыншысы – «Карметтің» үздік бомбардирі Артур Хусаинов (республиканың жастар чемпионатында 34+28 балл).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.