Астанада клуб басшыларының, Қазақстан хоккей федерациясы мен ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің жиыны өтті

2 mamyr
234

Астанада ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серіков Маратұлы Жарасбаев пен ҚХФ бас директоры Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбековтің төрағалығымен клубтар мен Қазақстан хоккей федерациясы өкілдерінің жиыны өтті.

Жиында талқыланған басты мәселе – шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері есебінен қаржыландыруға тыйым салу туралы заңды жұмысқа енгізу.

Мұнан басқа, қазақстандық лигалардағы маусымның қорытындысы жасалды, қолданыстағы регламенттерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды, алдағы маусымда кубоктер мен чемпионаттарды өткізу құрылымының жобалары қарастырылды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.