«Қарағанды Аренада» «1XBET HOKEI MEIRAMY 2025» мерекесінің алғашқы күні өтті.
Іс-шара ҚХЛ мен Pro Ligasy ойыншылары Никита Бояркиннің, Валерий Ореховтің, Никита Михайлистің, Эдгарс Сикснаның, Әділ Бекетаевтың, сондай-ақ владивостоктық «Адмиралдан» шаақырылған қонақтар – Леонид Тамбиев пен Павел Житковтың қатысуымен өткен автограф-сессиядан басталды.
Мұздағы бағдарлама алғаш рет өткен шеберлік шоуымен ашылды. Командалар бес байқауға қатысты. «PRO» бапкерлер штабына Леонид Тамбиев, «Арланды» жақында алтын медальға жеткізген Владимир Маркелов, «Торпедо» қыздар командасының өкілі София Зубкова кірді. «Аңыздарға» Олег Болякин, Jastar Ligasy-ның үздігі – «Астана» жастар командасының ойыншысы Антон Васин, сондай-ақ ел чемпионы «Айсұлу ойыншылары» –Александра Сафонова мен Мэрайя Хиндс кірді. Ең жылдам ұжым «LEGENDS» болды. Оған жеңісті өз қарсыластарынан оннан бір секундқа озған Алексей Фрукалов пен Мадияр Ибрайбеков жеңіс әкелді.
Қақпашылар дуэлінде «PRO» командасынан Илья Яковенкоға тең келер ешкім болмады. Ол қақпаға бағытталған 10 соққының 10-ына тойтарыс берді.
Әрі қарай «LEGENDS» командасының өкілдері келесі байқау ережелеріндегі олқылықтарды пайдаланып, «Ирек» жарысында қиналмастан бал жинады. Даниил Киселёв, Әділ Бекетаев пен Валерий Орехов бұл тапсырманы синхронды түрде орындап, қарсыласты тырп еткізбеді.
Буллиттер байқауында Сергей Кудрявцевті бірнеше мәрте сан соқтырған «PRO» ойыншылары тың тәсіл танытты. Өз командасына нәтижелі балды Александр Коннов, Данил Парамонов, Михаил Гулый, Муса Гусейнов пен Ян Тютюньков әкелді. Алайда «LEGENDS» те қарап қалмады, Мадияр Ибрайбеков пен Талғат Жайлауов буллитті хоккейшілердің сүйікті ісі – автомобиль шинасын пайдалана отырып жүзеге асырды.
Шеберлік шоуы капитандар байқауымен аяқталды. Даррен Диц пен Фёдор Хорошев өздерінің сырғанау дағдыларын көрсетті және екеуі де ең жоғары балл жинады. Нәтижесінде кеш жеңімпазы «тас-қайшы-қағаз» ойынынан кейін анықталды. 3:2 – «1XBET HOKEI MEIRAMY 2025» бірінші бөлігі «PRO» командасына бұйырды.
Әрі қарай көрерменді кеш хедлайнерлері – Tanir & Tyomcha қуантты: өнерпаздар өз хиттерін мұз бетінде қозғалатын платформада орындады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.