Номад Снежные Барсы командасын ойсырата жеңді. 14 қаңтардағы матчтарға шолу

14 qańtar
1147

Ойын күнінің жалғыз кездесуінде «Номад» өзінің «Снежные Барсы» командасындағы ұяластарын сенімді түрде жеңді.

Екі елордалық ұжымдар шайқасында тәжірибелі «көшпенділер» басым түсіп, қарсыластың қақпасына бес шайба салды. Голкипер Владимир Крамарь қақпаға бағытталған 13 соққыға тойтарыс берді.

«Снежные Барсы» – «Номад» 0:5 (0:2, 0:1, 0:2)

0:1 - 10:48 - Рунов (Яковлев, Пелевин) ГМ

0:2 - 15:59 - Зубов (Муратов, Бутенко) ГБ

0:3 - 28:17 - Назаренко (Рунов)

0:4 - 49:47 - Данияр Сн. (Гатиятов, Диханбек)

0:5 - 53:45 - Комаровский (Мухаметов, Диханбек)

Қақпашылар: Крамарь – Павленко