Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы алдында кейбір статистикалық деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
«Арлан» (1) – «Торпедо» (2)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 2:3, 2:1, 4:0, 2:0
Жекпе-жек матчтардың үздік бомбардирі: Степан Санников (2+2) – Ян Тютюньков (1+1)
¼ финалдың нәтижелері: «Номадпен» серияда 4-0, «Сарыарқамен» серияда 4-1 – «Ақтөбемен» серияда 4-1, «Хумомен»серияда 4-3
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 33/11 – 39/37
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Владимир Волков (5+5) – Никита Колобов (6+6)
Маусымның төрт жекпе-жек матчының үшеуінде көкшетаулық ұжым жеңімпаз атанды, «Торпедо» екі ойынында «Арланның» қақпасын ала алмады.
«Торпедолық» Никита Колобов пен Александр Акмальдинов (4+7) үздік бомбардирлер көшін бастап тұр. «Арлан» өкілі Владимир Волков үздік бомбардирлер үштігін тұйықтайды.
Көкшетаулықтардың қорғаушысы Семён Буйван (3+5) кубоктік раунд қорғанысының ең нәтижелі ойыншылары тізімінде екінші орында тұр.
«Арландық» Сергей Кудрявцев – қақпашылар рейтингісінің сөзсіз көшбасшысы. Плей-оффта ол 7 матчта 7 рет жеңіске жетті, орта есеппен 0,9 гол өткізді. Тойтарылған соққылар пайызы – 95,9.
Статистика бойынша Кудрявцевтің ізін қуып келе жатқан – «Торпедо» өкілі Владислав Пестов. Ол қақпаға бағытталған соққылардың 94,2%-ына тойтарыс берді, сенімділік коэффициенті 2-ні құрайды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.