Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша Pro Hokei Ligasy маусымының финалистері, сонымен қатар чемпионатта үшінші орын алған команда анықталды.
Жекпе-жектегі алтын медальдарды елдің қазіргі чемпионы «Арлан» мен өскемендік «Торпедо» таласқа салады. Төрт жеңіске дейінгі финалдық серияның алғашқы матчы 7 сәуір Көкшетауда өтеді.
Сондай-ақ, 2024-2025 жылдардағы Pro Hokei Ligasy Қазақстан Республикасы Чемпионаты регламентінің 8-тарауының 42-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес жүлделі орындар бөлінісі тек қазақстандық клубтар арасында жүргізілетінін хабарлаймыз. Чемпионатқа қатысатын шетелдік клуб Pro Hokei Ligasy жеңімпазы және ауыспалы Кубоктің иегері бола алады.
Осыған байланысты ташкенттік «Хумо» мен «Сарыарқа» арасындағы үшінші орынды анықтайтын серия өтпейді. Осылайша, қарағандылықтар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.