Арлан – Қазақстан чемпионатының алғашқы финалисі

25 naýryz
1159

Көкшетауда «Арлан» мен «Сарыарқа» арасындағы жартылай финалдық серия аяқталды.

Александр Своеволин мен Владимир Боровковтың дөп соққылары алаң иелеріне бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жақсы үстемдікке ие болуға мүмкіндік берді. Екінші кезеңнің басында артық құрам ұйымдастырған Александр Коннов қарағандылықтарды біршама уақытқа ойынға оралтты. Алайда қонақтар қатарынан төрт рет аластатылып, Арлан бұл жағдайды тиімді пайдаланып кетті. Александр Гопиенко мен Владимир Боровков бір-бір дубльден жасады, сондай-ақ Семён Буйван гол салды. Соңғы кезең формалды түрде өтті.

Осылайша, қазіргі ел чемпионы Pro Ligasy-ның финалдық сериясында ойнайды.

«Арлан» - «Сарыарқа» 7:1 (2:0, 4:1, 1:0)

1:0 - 05:07 - Своеволин (Басов, Бейсембиев)

2:0 - 19:23 - Боровков (Волков, Никулин)

2:1 - 24:26 - Коннов (Верещагин, Дёмин) ГБ

3:1 - 27:16 - Гопиенко (Парамонов, Архипов) ГБ

4:1 - 29:18 - Боровков (Волков, Буйван)

5:1 - 34:04 - Буйван (Волков, Никулин) ГБ

6:1 - 37:12 - Гопиенко (Архипов, Парамонов) ГБ

7:1 - 52:19 - Парамонов (Архипов, Хорошев) ГБ

Қақпашылар: Кудрявцев – Кадочников (Коваль 40:00-60:00)

«Арлан» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 4-1 (5:0, 2:1, 2:1, 4:5, 7:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.