Торпедо шайба салдырмады, Сарыарқа тағы да Құлагерден басым түсті. 13 қаңтардағы матчтарға шолу

13 qańtar
1193

«Торпедо» ең аз есеппен «Бейбарысты» жеңді. «Ертіс» пен «Ақтөбе» матчтында тоғыз гол салынды. «Сарыарқа» тағы да «Құлагерден» басым болды.

«Торпедо» мен «Бейбарыстың» жекпе-жегінде ойын тағдырын бір ғана шайба шешті. Александр Архипов өскемендіктерге кезекті жеңіс әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Максим Сидоров қақпаға бағытталған 37 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Торпедо» – «Бейбарыс» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 26:42 - Архипов (Шин, Кучин)

Қақпашылар: Сидоров – Белоконский (00:00-58:50)

«Ертіс» пен «Ақтөбе» бірігіп, тоғыз нәтижелі шабуыл жасады. Бұл тартыста павлодарлықтар дөп түсіп отырды. Евгений Чемерилов тағы да дубль жасап, бұған қоса екі рет нәтижелі пас берді.

«Ертіс» – «Ақтөбе» 6:3 (1:0, 3:0, 2:3)

1:0 - 10:41 - Макаров (Волков)

2:0 - 20:48 - Зыков (Самойлов)

3:0 - 25:16 - Волков (Макаров, Чемерилов)

4:0 - 30:58 - Чемерилов (Зыков, Киселев)

4:1 - 44:16 - Зинченко (Егоров)

4:2 - 47:12 - Потайчук (Скворцов, Шмурыгин)

4:3 - 48:03 - Филонов (Зинченко, Тесленко)

5:3 - 54:56 - Киселев (Машинец, Чемерилов)

6:3 - 59:44 - Чемерилов (Макаров, Волков) ПВ

Қақпашылар: Полошков – Скрипченко, Мальгин (30:58-58:51)

«Құлагер» «Сарыарқамен» матчта ерлік жасауға жақын қалды. Петропавлдықтар ойын барысында 1:4 есебімен есе жіберіп келе жатты, алайда соңғы минуттарда есеп айырмашылығын барынша азайтты. Дегенмен алаң иелері өз үстемдігін сақтап қалды. Сары-қаралар құрамында Александр Борисевич дубль жасап, көзге түсті.

«Сарыарқа» – «Құлагер» 4:3 (0:1, 3:1, 1:2)

0:1 - 06:53 - Хорошев (Первухин, Ахметов) ГБ +2

1:1 - 29:28 - Борисевич (Грымзин, Никулин) ГБ

2:1 - 33:57 - Борисевич (Горбачев, Голоднюк)

3:1 - 37:01 - Михайлов (Желнеровский, Никулин)

4:1 - 41:10 - Грымзин (Голоднюк, Воронков)

4:2 - 56:11 - Исмагилов (Ахметов, Ильин)

4:3 - 57:47 - Первухин (Попитич, Хорошев)

Қақпашылар: Бояркин – Янков (00:00-56:21, 56:42-57:00)