Хумо Торпедомен серияда есеп теңестірді

16 naýryz
380

Өскеменде Pro Ligasy-ның екінші жартылай финалдық сериясы жалғасты.

Бірінші кезеңде командалар Александр Шевченко мен Андрей Яковлевтің орындауындағы дөп соққылармен алмасты. Екінші кезеңнің басында Степан Александров артық құрам ұйымдастырып, қонақтардың бапкерлер штабын қақпада Глеб Моисеевтің орнына Константин Козловскийді шығаруға мәжбүр етті. Және бұл өзгеріс нәтиже берді. Үзіліске дейін «Хумо» таблодағы есепті теңестіріп қана қоймай, дубль жасаған Александр Дербенёвтің арқасында алға шықты. Матчтың нүктесін Андрей Павленко қойды. Енді серия 1-1 есебімен Өзбекстан астанасына ойысады.

«Торпедо» - «Хумо» 2:4 (1:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 02:12 - Шевченко (Карабань, Малышев) ГБ

1:1 - 07:49 - Яковлев (Рифель, Базанов)

2:1 - 23:24 - Александров (Пархоменко, Акмальдинов) ГБ

2:2 - 32:05 - Дербенёв (Дюкарев)

2:3 - 35:14 - Дербенёв (Малышев, Дорофеев)

2:4 - 57:44 - Павленко (Дербенёв)

Қақпашылар: Янков - Моисеев (Козловский, 23:24-60:00)

«Торпедо» - «Хумо» сериясындағы есеп: 1-1 (5:3, 2:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.