Арлан жартылай финалдық серияда үстемдігін нығайтты

15 naýryz
418

Көкшетаулық ұжым «Сарыарқаны» жеңіп, серияда 2-0 есебімен алға шықты.

Көкшетаудағы екінші матчта көрермен тартысты ойын көрді. Бүгінгі жекпе-жекте қос команда да қорғаныс бойынша қатаң ережені ұстанды. «Арлан» қарсыласқа екі есе соққы боратты және бұл қорытынды нәтижеге де ықпал етті. Дөп соққылардың авторлары – Данил Парамонов пен Степан Санников. Командалар Қарағандыға қазіргі ел чемпионының жайлы үстемдігімен аттанды.

«Арлан» - «Сарыарқа» 2:1 (0:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 20:29 - Парамонов (Архипов, Санников)

1:1 - 25:20 - Зайцев (Капотов, Коннов)

2:1 - 50:29 - Санников (Борисов, Буйван)

Қақпашылар: Кудрявцев - Кадочников

«Арлан» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 2-0 (5:0, 2:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.