БАҚ өкілдерінің назарына!

13 qańtar
1358

27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Parimatch – хоккейден Қазақстан кубогы» өтеді.

Қазақстан хоккей федерациясы БАҚ өкілдерінің маусым басында алған тіркеу бейдждері үш қаладағы ҚР Кубогының кездесулеріне кіруге құқық беретінін хабарлайды. Алайда матчқа қатысу үшін ойынды қабылдаушы клубтың баспасөз қызметіне алдын ала өтінім беріп қою қажет. Өтінім берілмеген жағдайда Қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері сізді матчқа кіргізбеуге құқылы.

Маусымдық аккредитациядан өтпеген, алайда аталмыш турнир жайында ақпарат таратуға ниетті БАҚ 20 қаңтарға дейінгі мерзімде ҚР Кубогына аккредитация алуға өтінім бере алды. Барлық сұрақтармен +7 702 452 78 14 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.