Сарыарқа жартылай финалға шықты, онда Арланмен ойнайды

10 naýryz
3271

Pro Ligasy-ның жартылай финалдық кезеңінің төртінші қатысушысы анықталды.

«Сарыарқа» мен «Алматы» арасындағы серияның шешуші жетінші жекпе-жегінде алаң иелері басым болды. Қарағандылықтар әрбір кезеңде бір шайбадан салып, қорғаныста мығым ойнады. Бүгін «сары-қараларға» жеңісті Александр Конновтың, Руслан Дёминнің және алматылықтардың бос қақпасын алған Тимур Шингареевтің дөп соққылары сыйлады. «Сарыарқа» голкипері Данил Кадочников өз есебіне 36 сейв жазды.

Осылайша, Pro Ligasy жартылай финалистерінің қос жұбы да анықталды. Маусымның шешуші сериясына екі жолдама үшін «Арлан» мен «Сарыарқа», сондай-ақ «Торпедо» мен «Хумо» тартысады. Жартылай финалдардың бастапқы матчтары Көкшетау мен Өскеменде өтеді.

«Сарыарқа» - «Алматы» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 05:02 - Алламов (Карамнов, Бурделёв)

1:1 - 08:11 - Коннов (Зайцев)

2:1 - 24:39 - Дёмин (Стулов, Баженов)

3:1 - 59:41 - Шингареев ПВ

Қақпашылар: Кадочников - Осокин

«Сарыарқа» - «Алматы» сериясындағы есеп: 4-3 (2:4, 3:4 ОТ2, 4:3 ОТ, 1:0 ОТ, 2:5, 3:2, 3:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.