Сарыарқа мен Алматы сериясының тағдырын жетінші матч шешеді

6 naýryz
1038

Қарсыластар бұл серияда қалыптасқан беталысты жалғастырды – командалар тек түзде жеңіп келе жатыр.

«Алматы» ширек финалды өз алаңында аяқтауға жақын болды. Тимур Шингареевтің голынан кейін екінші кезеңнің басында алаң иелері Ян Хоменко мен Виталий Кармановтың дөп соққыларымен жауап берді. Алайда кездесудің соңында «Сарыарқа» Артём Валееватің көмегімен есеп теңестіріп қана қоймай, Глеб Зайцевтің артық құраммен салған шайбасының арқасында жеңісті жұлып әкетті. Бұл сериядағы жетінші және шешуші матч 10 наурыз күні шахтерлер астанасында өтеді.

«Алматы» - «Сарыарқа» 2:3 (0:0, 1:1, 1:2)

0:1 - 23:34 - Шингареев (Борисевич, Валеев)

1:1 - 28:58 - Хоменко (Машинец, Штефан)

2:1 - 45:10 - Карамнов (Бурделёв, Жульдиков) ГБ

2:2 - 55:35 - Валеев (Борисевич)

2:3 - 56:45 - Зайцев (Стулов, Шингареев) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Кадочников

«Сарыарқа» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-3 (2:4, 3:4 ОТ2, 4:3 ОТ, 1:0 ОТ, 2:5, 3:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.