Хумо жартылай финалға шықты және Торпедомен ойнайды, Алматы үшінші рет Қарағандыда жеңіске жетті

2 naýryz
2430

Жексенбі күні Pro Ligasy-ның ширек финалдық серияларының екі жекпе-жегі өтті.

«Хумо» өз көрерменінің көзінше серияның бесінші матчында «Горнякты» тықсырып, жартылай финалға жолдама алды. Бұл ретте ташкенттіктер қарсыласты өз қақпасының алдында аса көп қимылдатпады – қонақтар қақпаға 17 соққы ғана бағыттады. Алаң иелері құрамынан жеңіс шайбасының авторы атанған Андрей Павленко дубль жасады. Егор Буяльский өз есебіне төрт нәтижелі пас жазды.

Осылайша, «Горняк» ширек финалдың қорытындысы бойынша биылғы маусымды аяқтады. «Хумо» келесі раундқа шықты, ондағы қарсыласы «Торпедо» болмақ.

«Горняк» - «Хумо» 5:1 (1:0, 2:1, 2:0)

1:0 - 09:53 - Шевченко (Буяльский Е.)

1:1 - 22:13 - Утебаев (Васильев)

2:1 - 23:55 - Павленко

3:1 - 39:54 - Саврицкий (Буяльский Е.)

4:1 - 54:49 - Павленко (Буяльский Е.)

5:1 - 57:33 - Жилов (Степаненко, Буяльский Е.) ГБ

Қақпашылар: Моисеев - Нурек

«Хумо» - «Горняк» сериясындағы есеп: 4-1 (5:3, 4:3 ОТ, 3:1, 1:2, 5:1)

«Сарыарқа» мен «Алматы» өзінің ширек финалдық текетіресінде түзде ғана жеңуді жалғастыруда. Бүгін оңтүстік астаналық ұжым бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, Қарағандыда үшінші рет жеңіске жетті және серияда тағы да алға шықты. Қонақтар құрамынан өз есебіне екі голды Станислав Рангаев жазды, Никита Жульдиков командаластарына үш рет пас берді. Антон Осокин қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берді. «Сарыарқа» кезекті түздегі ойынға қателесу құқығынсыз аттанады.

«Алматы» - «Сарыарқа» 2:5 (0:3, 2:2, 0:0)

0:1 - 01:52 - Кожевников (Валиев, Жульдиков) ГБ

0:2 - 15:04 - Хоменко (Штефан, Тарасов)

0:3 - 17:09 - Рангаев (Жульдиков, Машинец)

1:3 - 26:06 - Стулов (Валеев, Шингареев) ГБ

1:4 - 30:44 - Карамнов (Бурделёв, Жульдиков)

2:4 - 31:01 - Королинский (Хрипков)

2:5 - 33:15 - Рангаев (Бурделёв)

Қақпашылар: Кадочников (Коваль, 33:15-60:00) - Осокин

«Сарыарқа» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-3 (2:4, 3:4 ОТ2, 4:3 ОТ, 1:0 ОТ, 2:5)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.