Өскеменде «Торпедо» мен «Ақтөбе» арасындағы ширек финалдық серияның бесінші және шешуші жекпе-жегі аяқталды.
Бұл ойында шешуші серпілісті алаң иелері екінші кезеңнің соңына қарай жасады: төрт минут ішінде ақтөбеліктердің қақпасына екі шайба аттанды. Олардың авторлары – Александр Акмальдинов пен Илья Олендаренко. Бұған дейін Эрик Алдабергенов дубль жасады, ал жеңіс голын өз есебіне Максим Мусоров жазды. Қонақтар құрамынан Дмитрий Исмагилов дубль жасады.
Осылайша «Торпедо» жартылай финалдық кезеңнің екінші қатысушысына айналды. «Ақтөбе» плей-оффтың бірінші раундының қорытындысы бойынша маусымды аяқтады.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 5:4 (2:1, 2:1, 1:2)
0:1 - 04:16 - Исмагилов (Зизевских)
1:1 - 08:56 - Алдабергенов (Лагунов, Панченко)
2:1 - 14:47 - Алдабергенов (Кляузов, Колобов)
2:2 - 24:07 - Шишов (Миргалиев)
3:2 - 34:08 - Акмальдинов (Мусоров, Пархоменко)
4:2 - 38:26 - Олендаренко (Панченко, Лагунов)
4:3 - 41:55 - Захаров (Сошников)
5:3 - 48:12 - Мусоров (Рунов) ГБ
5:4 - 55:15 - Исмагилов (Петросян, Плотников) ГБ
Қақпашылар: Янков - Ершов
«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 4-1 (2:1 ОТ, 3:2 ОТ, 3:6, 5:3, 5:4)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.