Арлан жартылай финалға шықты, Горняк Хумомен серияны ұзартты, Сарыарқа Алматымен теңесті

26 aqpan
2908

Елдің үш қаласында Pro Ligasy ширек финалының матчтары өтеді.

Маусым барысында айтарлықтай жасарған «Номад» өзінің көкшетаулық тәжірибелі қарсыластарына соққы бере алмады. «Арлан» серияда қатарынан төртінші рет жеңіске жетіп, қатысушылардан алғашқы болып жартылай финалға жолдама алды. Астанадағы бүгінгі матчта Владислав Никулин, Денис Чапоров, Денис Недилько, Фёдор Хорошев пен Тамерлан Бейсембиев шайба салды. Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Арлан» 0:5 (0:2, 0:2, 0:1)

0:1 - 06:44 - Никулин (Гатин, Боровков)

0:2 - 18:26 - Чапоров (Михайлов, Кураков)

0:3 - 32:13 - Недилько (Буйван, Чапоров)

0:4 - 33:13 - Хорошев

0:5 - 52:53 - Бейсембиев

Қақпашылар: Дубинскас - Мейдер

«Арлан» - «Номад» сериясындағы есеп: 4-0 (3:1, 2:0, 3:2, 5:0)

«Горняк» төртінші кездесудің соңғы минуттарында көптен күткен жеңісті жұлып әкетіп, «Хумомен» серияны ұзартты. Андрей Ревацкий мен Станислав Боровиковтың голдарынан кейін таблода ұзақ уақыт бойы бірлер ғана жанып тұр. Үшінші кезеңнің аяқталуына 75 секунд қалғанда Евгений Степанов артық құрам ұйымдастырып, командаларды бесінші матч өтетін Өзбекстан астанасына аттандырады. Алайда ташкенттіктер бұл ширек финалда бұрынғыша елеулі үстемдікке ие.

«Горняк» - «Хумо» 2:1 (1:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 14:30 - Ревацкий (Власкин, Тесленко)

1:1 - 24:38 - Боровиков (Кравченко, Сиксна)

2:1 - 58:45 - Степанов ГБ

Қақпашылар: Нурек - Моисеев

«Хумо» - «Горняк» сериясындағы есеп: 3-1 (5:3, 4:3 ОТ, 3:1, 1:2)

«Алматы» мен «Сарыарқа» ойынды үшінші рет қатарынан негізгі уақыттан тыс аяқтады. Бүгін қақпашылардың ойыны алға шығып, 60 минут бойы қос тарап бір-біріне есеп аштырмады. Ярослав Хрипковтың голы бұл сериядағы теңдікті орнатты. Қарағандылықтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді. Бұл текетіресте командалар тек түзде жеңді.

«Алматы» - «Сарыарқа» 0:1 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 67:24 - Хрипков

Қақпашылар: Осокин - Кадочников

«Сарыарқа» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-2 (2:4, 3:4 ОТ2, 4:3 ОТ, 1:0 ОТ)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.