Торпедо мен Ертіс өз алаңдарында жеңіске жетті, Қарағандыдағы буллиттер сериясы. 12 қаңтардағы матчтарға шолу

12 qańtar
1335

«Торпедо» «Бейбарысты» жеңу үшін біршама тер төкті. «Ертіс» екінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, «Ақтөбенің» арынын басты. «Сарыарқа» мен «Құлагер» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады.

Чемпионат көшбасшысы «Торпедо» сегіз матч бойы жеңіліс көрмей келген «Бейбарыстың» жеңістер сериясын үзді. Өскемендегі кездесу бір ғана ұпай айырмашылығымен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

«Торпедо» – «Бейбарыс» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 08:51 - Тымченко (Левицкий, Виноградов)

2:0 - 21:26 - Савицкий (Шин)

2:1 - 47:46 - Ананичев Ал. (Ананичев Ар.)

Қақпашылар: Шутов – Белоконский

«Ертіс» «Ақтөбемен» матчтың екінші кезеңінде тартысты ойын көрсетті. Осылайша финалдық ысқырық естілгенше өз үстемдігін сақтап қалды. Қуантарлығы, бұл павлодарлық ұжымның 2020 жылдың 28 қарашасынан бергі алғашқы жеңісі. Алаң иелерінен Евгений Чемерилов дубль жасап, көзге түсті.

«Ертіс» – «Ақтөбе» 4:2 (1:1, 3:1, 0:0)

0:1 - 07:12 - Зинченко (Филонов, Митряков)

1:1 - 14:17 - Чемерилов (Киселев, Волков)

2:1 - 23:40 - Макаров (Клепко, Кутугин) ГБ

2:2 - 24:40 - Зинченко (Евсеев, Амиров)

3:2 - 26:37 - Чемерилов (Волков)

4:2 - 29:46 - Зыков

Қақпашылар: Полошков – Мальгин (Скрипченко, 29:46–60:00)

Жиырма минуттық үш ойын кезеңі мен овертаймнан кейін «Сарыарқа» мен «Құлагер» тең түсті. Бір қызығы, командалар негізгі уақыттағы ойын кезеңдерінде бір-бір шайбадан салып отырды. Буллиттер сериясында алаң иелері басымдылық көрсетті. Соңғы шайба Андрей Марковқа тиесілі. Петропавлдықтар құрамынан Евгений Попитич дубль жасады.

«Сарыарқа» – «Құлагер» 4:3 Б (1:1, 1:1, 1:1, 0:0,1:0)

1:0 - 11:16 - Грымзин (Аноховский)

1:1 - 17:41 - Попитич (Первухин, Хорошев)

2:1 - 20:42 - Михайлов (Борисевич)

2:2 - 25:05 - Хорошев (Первухин, Ильин)

3:2 - 51:02 - Голоднюк (Грымзин)

3:3 - 59:19 - Попитич (Первухин, Нестеров)

4:3 - 65:00 - Марков ПБ

Қақпашылар: Бояркин – Хозяшев (00:00-59:00, 59:19-65:00)