Торпедо ширек финалдағы үстемдігін нығайтты

19 aqpan
1117

Өскеменде «Торпедо» мен «Ақтөбе» арасындағы ширекфиналдық серияның екінші кездесуі өтті.

Бұл ойында қарсыластарға жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Бірінші кезеңде алаң иелері Александр Акмальдинов пен Никита Колобовтың дөп соққыларынан кейін алға шықты. Алайда «Ақтөбе» жылдам есе қайтарды – Владислав Арбузов пен Дмитрий Исмагилов көзге түсті. Овертайм бұл жолы ұзаққа созылмады – командаларды алаңнан Андрей Рунов тарқатты. Енді серия елдің батысына «Торпедо» үшін жайлы есеп үстемдігімен ойысады.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:2 ОТ (2:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:37 - Акмальдинов (Олендаренко, Мусоров)

2:0 - 17:25 - Колобов (Рунов, Александров)

2:1 - 18:47 - Арбузов (Петросян, Гайсин)

2:2 - 20:56 - Исмагилов (Арбузов, Потапов) ГБ

3:2 - 61:09 - Рунов (Скутар)

Қақпашылар: Янков - Ершов

«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 2-0


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.