Торпедо плей-оффтағы жеңістер есебін ашты

17 aqpan
725

Өскеменде биылғы маусымдағы Pro Ligasy плей-оффының алғашқы матчтары өтті.

Ширек финалдардағы алғашқы голдың авторы – алаң иелерінің мінсіз қарсы шабуылына нүкте қойған «Торпедо» форварды Никита Колобов. «Ақтөбе» екінші кезеңнің ортасында есеп теңестірді: Владислав Арбузов көк сызықтан бірнеше рет сәтсіз соққы жасап, десе де Андрей Янковтың қақпасын алды. Көрермен негізгі уақытта одан басқа шайба көрмеді. Бірінші овертайм аяқталуға таяғанда өскемендіктерге алғашқы жеңісті Степан Александров сыйлады. Янков нәтижесінде 27 соққыға тойтарыс беріп, оның қарсыласы Матвей Ершов өз есебіне 38 сейв жазды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 2:1 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 15:01 - Колобов (Рунов, Кляузов)

1:1 - 28:46 - Арбузов (Петросян, Исмагилов) ГБ

2:1 - 75:05 - Александров (Мусоров, Акмальдинов)

Қақпашылар: Янков - Ершов

«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 1-0


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.