Бұл жөнінде Sportsarena басылымының тілшісі Станислав Сарсеков хабарлады.
Айтулы жайт 2021 жылдың 6 қаңтарында Pro Hokei Ligasy-ның кезекті матчтында орын алды. «Алматының» шабуылшысы рудныйлық «Горнякпен» матчтың төртінші минутында көпшілік құраммен есеп ашып, екі жүз шайбалық межені бағындырды. Қуаныш иесіне Вячеслав Ананьин мен Михаил Качулин көмек көрсетті.
Өскемендік хоккей өкілінің Қазақстан чемпионатындағы 599-ыншы ойынында 200-інші рет салынған шайба командасына жеңіс әкеліп, есеп 2:0 болды.
Бір қызығы, Қазақстан чемпионаттарындағы голдардың есебін Спиридонов 2002 жылы 23 қазанда «Еңбек» – «Есіл» (Петропавл) ойынында алматылық команда құрамында бастаған.
Дереккөз – Sportsarena.kz